Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қарызсыз халық – табысты халық

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидаттар Тазабек Самбетбай, Ирина Әлімжанова, Айдар Алибаев, бір мандатты округ бойынша кандидат Берік Ағыбаев «Ең биік шыңдарды еңсереміз» атты іс-шара өткізді.

Іс-шара Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Қайназар ауылында ұйымдастырылды. Кандидаттар, партия белсенділері және ауыл тұрғын­дары ауыл маңындағы тауға шығып, мемлекеттің және партия туын орнатты.

Жергілікті тұрғындармен кездесуде кандидат Ирина Әлімжанова зейнетақысының 80 пайызын несие төлеуге жұмсап отырған қарттар бар екенін айтты. Бұл ретте ол тұрғындардың әлеуметтік жағ­дайын жақ­сар­тудың тың тетіктерін ойластыру қажет екенін алға тартты.

– Елімізде несиеге «байланған» адам көп. Негізінде халықтың несиелену деңгейі экономикалық өсіммен қатар жүруі керек еді. Ал халықтың банк алдындағы қарызы экономикалық өсімнен асып түскен. Ұлттық банк жүргізген сауалдама нәти­жесі экономикалық белсенді немесе кішігірім қыз­метте жүрген азаматтардың 90 пайызы тек айлықпен күн көреті­нін көрсеткен. Д­емек қазір жұрт­шылықтың қарыз­сыз өмір сүруі барын­ша шек­­телген. Несие рәсім­де­ген кезде қарыз алушы­ның төлем қабілеті, табысы еске­рілетіні белгілі. Соған қа­ра­мастан бір адам­ның бір мезгілде бірнеше несие­ні қатар алуы тыйы­лмай отыр. Сарапшылардың де­регін­ше, Қазақ­стандағы жұмыс істейтін халықтың 70 па­йызы қарыз­бен өмір сүреді. Несиені шектеу мәселесімен нарық­тың жағдайын жақсарта алмаймыз. Банк секторы тәжірибесінде халықты не­сиеге байлап қою­дың түрлі әдісі бар. Банктер қарыз алу­шы­ның қарыз жүктемесі нормативке сәйкес болса, өзге банктегі несие­сін қайта қаржыландыру арқылы несие­­сін жаңарт­а беруге, сол арқылы қарыз қамытын қа­лың­­­дата бе­руге жол ашып қойған. Егер құзырлы орын­­­дар жағ­дай­ды реттеп отырмаса, мәселеге қаржы, мұ­­най трей­дерл­ері тәрізді «несие трейдерлері» араласып кетуі мүм­кін. Мұндай жағдайда қарызға батқан ха­лық­­тың әлеуметтік жағдайы ушығып кетеді. Халық қа­рыз­­сыз болуы үшін олардың табысы өсуі керек, – дейді кандидат.

Ұқсас жаңалықтар

«ТАЗА QAZAQSTAN» республикалық акциясы аясында өтетін «Біз таза ел үшін» жобасының ПРЕСС-РЕЛИЗ

admin_altyalash

Түйе шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп: Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» аясындағы бизнес бастамалармен танысты

admin_altyalash

JOLTAP жобасы ұсынатын курстардың өз дәрежесі бар

admin_altyalash