Қазақстан көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын ба? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қыркүйек 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын ба?

28.02.2023
0
Қазақстан көктемгі су тасқыны кезеңіне дайын ба?

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері қаралды.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин оңтүстік аймақтарда белсенді қар еру басталуына санаулы күн қалғанын айтты. Сол себепті қазір барлық күш-жігер алдын алу шаралары мен су тасқынына дайындыққа бағытталған.

Жалпы осы жылдың екі айында 15 шақырым уақытша бөген салынды, 24 шақырымға жуығы жөнделді, 16 шақырымнан астам жаңа бөген, сондай-ақ елді мекендердің айналасында 41 шақырым білік тұрғызылды. Одан бөлек 5 мың шақырымға жуық каналдар мен арықтар, автомобиль жолдары және теміржолдар астында 8,5 мыңнан астам су өткізу құрылысы тазартылды.

Су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде су басу аймағында 255 елді мекен болуы мүмкін. Оған қоса су тасқыны төтенше жағдайларының ықтимал жағымсыз салдарының алдын алу және оларды азайту мақсатында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйелерінің бөлімшелері жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова көктемге арналған жаңартылған деректер туралы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жолдарды, көпірлерді және су өткізу құрылыстарын судың көтерілуіне дайындау туралы хабардар етті.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов және Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірлердегі қазіргі ахуал мен су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баяндады.

Баяндамашылардың сөзін тыңдай отырып, Премьер-министр биыл қардың көп болуына және жер бетінің қатып қалуына байланысты су тасу қаупі жоғары екенін айтты.

Үкімет басшысының айтуынша, биыл еліміздің оңтүстік өңірлерінде күрделі жағдай қалыптасуына су бұру арналарының, арықтардың, қорғаныш жер үйінділерінің болмауы себеп болған. Салдарынан Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы дренаждық жүйелердің жауын-шашынның көп мөлшеріне қуаты жетпеді. Одан бөлек Атырауда қар күрт еріп, көшелерді су басып қалды.

 

Одан бөлек, Премьер-министрдің айтуынша, коммуналдық, жеке меншік және иесі жоқ гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жөніндегі шаралар әзірлеп, су қоймаларын толтыру көлемін қайта қарау керек және қажет болса, оларды алдын ала қауіпсіз босату жөнінде шаралар қабылдану керек.

«Қазіргі таңда бұл мәселе бойынша республикалық деңгейде Премьер-министрдің бірінші орынбасары жетекшілік ететін үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Комиссия жағдайды бақылауда ұстап, су тасу жағдайларында жедел әрекет етуге дайын болуы тиіс», деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Маңғыстау даласында сирек кездесетін жануар видеоға түсіп қалды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әкімдер қар шығару жұмыстарын күшейтулері қажет – Әлихан Смайылов

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.