Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы, жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар талқыланады.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көруге болады. Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.