Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

“АМАNАТ” партиясы сайлауда 53,46 пайыз дауыс жинады – Ерлан Қошанов

“АМАNАТ” партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов сайлаудың алдын ала нәтижесін жариялап, барша партия мүшелерін құттықтады.
Бұл туралы ол Facebook парақшасында хабарлады.
"АМАNАТ" партиясы сайлауда 53,46 пайыз  дауыс жинады – Ерлан Қошанов
“Жаңа ғана үш экзит-поллдың қорытындысы жарияланды. Алдын ала нәтижелер бойынша, «АМАNАТ» партиясы Мәжіліс пен жергілікті өкілді органдар сайлауында орташа 53,46% дауыс жинап отыр. Барша партия мүшелері мен қолдаушыларымызды құттықтаймын! Бұл қазақстандықтардың басым бөлігінің ұстанымын көрсететін әділ нәтиже екеніне сенімдімін. Партияның сайлауалды бағдарламасын қолдаған халыққа және кандидаттарымызға алғысымыз шексіз! Бұл «АМАNАТ» партиясының барлық мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз сайлаушыларымыздың сенімін ақтауға бар күшімізді саламыз!”, – деп жазды ол.

Ұқсас жаңалықтар

Путин Африкадағы 6 елге тегін астық жеткізетінін айтты

admin_altyalash

Бізге қағаз жүзіндегі есеп емес, шәкірттің шынайы жетістігі мен білім деңгейінің өсуі қажет

admin_altyalash

Қазақстан Әзербайжанмен тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірді

admin_altyalash