Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Қытайдағы сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады

Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Елшілігінің жанындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауын өткізу бойынша №257 сайлау учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытай астанасынан бөлек, біздің азаматтар Шанхай мен Гонконгтағы екі сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Бейжіңдегі №257 учаске жұмысын аяқтады. Күні бойына сайлаушылардың белсенді қатысуы байқалды», деді Қазақстанның Қытайдағы дипломатиялық өкілдігі жанындағы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Аққошқаров.

Сайлаушылардың арасында қазақстандық дипломаттар, Қазақстанның ұлттық компаниялары өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, студенттер бар.

Сондай-ақ Шанхай және Гонконгтағы Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Қазіргі уақытта дауыстар есепке салынып жатыр.

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінде 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Ашхабад қаласына барды

admin_altyalash

Қор нарығында доллар қымбаттады

admin_altyalash

Қазақстанға келуге келіскен Альварес Головкиннің жанкүйерлерінен қорқып отыр

admin_altyalash