Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Кәсіпқой бокс: Сұлтан Зәуірбектің келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбектің (13-0, 9КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сұлтан Зәуірбектің жекпе-жегі 24 наурызда Ұлыбританияның Болтон қаласында өтеді. Ол бұл жекпе-жекті аргентиналық Фасундо Арсемен (15-9-2, 7КО) өткізеді.

Хабарланғандай, боксшылар кездесу алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтіп үлгерді. Қазақстандық боксшының салмағы жартылай орта ауырлық санатындағы лимиттен асқан жоқ.

Зәуірбек пен Арсе Болтондағы бокс кешінің андеркардында шығады. Ал басты жекпе-жекте британдық Лайндон Артур (21-1, 15КО) мен аргентиналық Брайан Суарес (18-1, 17КО) IBO-ның жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулын сарапқа салады.

Ұқсас жаңалықтар

Күрес: Қазақстан турнирді 2 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлдемен аяқтады

admin_altyalash

Сарапшы: «Көгілдір отынның қымбаттауы ұзаққа созылмайды»

admin_altyalash

Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды

admin_altyalash