Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Бас мүфти TikTok-та қате уағыз айтатын имамдарға ескерту жасады

Әлеуметтік желіде халықтың сұрақтарына жауап беріп отыратын дін қызметкерлері туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Qasqa Jol Youtube арнасында журналист Абай Сейфуллаға берген сұхбатында айтты.

«Қазір TikTok-та тікелей эфирде отыратын имамдар танымал. Кейде қиыс кетіп жатса, бірін-бірі түзеп жатады. Осы ұстаздардың бәрін діни басқарма бақылай ма?» , деп сұрады жүргізуші.

«Қазір білікті ұстаздарымыз, ғалымдарымыз көбейіп келеді. Кейде иә, шатасып та жатады. Бірақ шариғатта бұл шатасуға болады деген сөз емес. Осыны ұмытпау керек. Діни басқарма әр кезде де мұны имамдарға, ұстаздарға ескертіп отырады. «Байқаңыздар, асығыстық жасамаңыздар, білетін дүниені айтыңыздар. Білмейтін болсаңыз, кейінге қалдырып, анықтап барып айтыңыздар» деп ескертіп отырамыз. Халыққа Алланың Құранын қате айтсақ, ол Құдайдың аманатына қиянат қылғанымыз. Пайғамбар сүннетін де қате айтпау керек. Ең дұрысы – білмегеніңді білмеймін, анықтап, кейін айтып берейін деу», деп айтты Наурызбай Тағанұлы.

Оның сөзінше, имамдар діни басқармаға шақырылып, оларға насихат жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Райымбек – Саин жолайырығын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр

admin_altyalash

Мәдениет және ақпарат министрі еліміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыстады

admin_altyalash

Шекарада сапалы және қауіпсіз қызмет атқару үшін барлық жағдай болуы қажет

admin_altyalash