Америка құрама штаттарында хиджаб киген әйел тұңғыш рет судья қызметіне тағайындалды.
Адвокат Надия Кахф Нью-Джерси штатында судья болып тағайындалды. Ол АҚШ-та мұндай қызметке тағайындалған тұңғыш хиджабтағы әйел. Ол бұған дейін Уэйн қаласында отбасылық істер бойынша адвокат міндетін атқарды. Кейін судья болу үшін сайлауға түсіп, штаттың сенаты оның кандидатурасын дауыс беру арқылы қолдаған.
Бірнеше күн бұрын басына ақ орамал тағып, судья мантиясын киген Надия Құранға қолын қойып, ант берді. Осылайша, ресми түрде қызметіне кірісті. Бұған дейін Кахф отбасылық құқық және иммиграция мәселесі бойынша адвокат қызметін атқарып, Пассаик аймағы бойынша Ислам орталығының жетекшісі болған.