Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану бойынша ең алғашқы өтініш қабылданды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану бойынша ең алғашқы өтініш қабылданды

30.03.2023
0
Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану бойынша ең алғашқы өтініш қабылданды

Маңғыстау облысында 1,5 мыңға жуық тұрғын соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш берген. Өтініштерді беру шарттары мен алғашқы қорытындылары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жарияланды, – деп жазды Lada.kz.

Еліміздегі соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану бойынша ең алғашқы болып Ақтау тұрғынының өтініші мақұлданды.

Қазірге дейін Маңғыстау облысында 1,5 мыңға жуық тұрғын соттан тыс банкрот рәсіміне өтініш берген. Оның ішінде: өтініштер саны бойынша бірінші үштікте Ақтау – 430; Мұнайлы ауданы – 428; Жаңаөзен  – 408.

Соттан тыс банкроттыққа өтініш беру үшін бір жыл ішінде банктер, микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдында 1 600 АЕК-тан (5,52 миллион теңге) аспайтын төленбеген борыш немесе бес жылдан асқан берешек болуы – негізгі шарттардың бірі.

Сондай-ақ азаматтың мүлкі, оның ішінде ортақ меншігі болмауы  және соңғы жеті жыл ішінде сот немесе соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылмауы керек.

Мәліметтерді алдын ала тексеру жекелеген азаматтардың келесі себептер бойынша банкроттыққа өтініш бере алмайтынын көрсетті:

– 12 ай ішінде қарызы ішінара өтелген;

– борышкердің немесе оның әйелінің мүлкі болса;

– банкпен немесе МҚҰ-мен борышты реттеу туралы құжаты болмаса;

– тіркелген жеке кәсіпкерлігі болса;

– алты айдан аз мерзімде атаулы әлеуметтік көмек алса.

Аталған азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану өтініші қабылданбағаны туралы хабарлама жіберіледі. Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттық критерийлері орындалған жағдайда үш айдан кейін қайта өтініш беруге болады.

Өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, скринингтік тексеруге арналған e-Salyg Azamat қосымшасы арқылы беруге болады. Содан кейін 1414 нөмірі арқылы өтініштің қабылданғаны және өтініш беруші банкрот деп танылатыны туралы хабарлама жіберіледі. Бұл  өтініш берілгеннен кейін 14 күн ішінде жасалады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«AMANAT» партиясы Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі болып қайта тағайындалды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.