Әлем халқының саны енді көбеймей ме? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

Әлем халқының саны енді көбеймей ме?

03.04.2023
0
Әлем халқының саны енді көбеймей ме?

Әлемдегі халық саны ғасыр соңына қарай азаюы мүмкін деген болжам бар. Табысы жоғары болған сайын адамдардың бала туу көрсеткіші төмендейді. Мұның себептерін Aikyn.kz ресейлік РИА Новости материалына сілтеме жасап түсіндіреді.

Әлем халқының саны енді көбеймей ме?
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Education Images

Рим клубы халықаралық сараптама орталығының тапсырысымен жасалған болжам бойынша сегіз миллиардқа жеткен әлем халқының саны XXI ғасырдың ортасында өсуін тоқтатады. Осыдан кейін ол құлдырай бастайды.

Зерттеушілер бұл болжамды құрастыру кезінде туу көрсеткішінің төмендеуіне әсер ететін әлеуметтік және экономикалық факторларды ескерген. Олардың қатарында табыстың өсуі мен білім деңгейінің жоғарылауы бар.

Әлем халқының саны енді көбеймей ме?
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Sheldon Cooper

Ғалымдар үкіметтердің ұстанатын саясатына байланысты туу көрсеткіші екі сценарий бойынша дамитынын айтады. Егер бүгінгідей саясат өзгермесе, онда 2046 жылға қарай әлем халқының өсімі тоғыз миллиардқа жақындайды, ал ғасырдың соңына қарай бұл сан 7,3 миллиардқа дейін төмендейді.

Ғылыми болжам бойынша, толық экологиялық немесе климаттық құлдырау болмайды. Бірақ жергілікті дағдарыстардың ықпалы ғасырдың ортасына дейін артады.

Екінші сценарийге сәйкес, әлем халқы 2040 жылға қарай небәрі 8,5 миллиардқа дейін өседі, ал алдағы 60 жылда 6 миллиардқа дейін төмендейді. Зерттеу авторларының пікірінше, егер үкіметтер білімге, әлеуметтік қызметтерге инвестицияны арттырса дәл осы болжам орындалуы мүмкін.

Әлем халқының саны енді көбеймей ме?
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Unique Nicole

Ғалымдар тобы адам санының азаюы адамзат өркениетіне және қоршаған ортаға оң әсер етеді деп есептейді. Парниктік газ шығарындылары күрт төмендейді. Жаһандық жылыну екі градустық белгіден төмен түседі, жабайы табиғат бірте-бірте қалпына келеді.

Бұл жерде айтарлықтай теріс салдарлар да бар: халықтың орташа жасы ұлғайған сайын әлеуметтік салаға түсетін салмақ айтарлықтай артады. Қазірдің өзінде Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерде бұл тенденция айқын көрінуде.

Әлем халқының саны енді көбеймей ме?
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: VCG

2020 жылы да Сиэтлде (АҚШ) орналасқан денсаулықты бағалау ғылыми ұйымының зерттеуі де 2100 жылға қарай әлем халқының саны 6,3 миллиардқа дейін төмендейді деген болжам жасаған. Олар демографиялық шығыны 48 пайызды құрайтын Қытай елінде депопуляция күшейгенімен, 2035 жылға қарай бұл мемлекет әлемдегі ең ірі экономикаға айналатынын, бірақ ғасырдың аяғында ол қайтадан АҚШ-қа жол беретіні айтылған.

2022 жылдың жазында БҰҰ да жаһандық демографиялық болжамды жариялады. Оған сәйкес, Жер халқының өсуі баяулағанымен, ол жылдам және соншалықты күшті болмайды. Дүниежүзілік ұйым адам халқының саны 2080-жылдары 10,4 миллиардқа жетеді деп болжайды.

Бұл туралы Aikyn.kz былтыр қазан айында мақала жариялады. Ресейлік демографтар БҰҰ-ның халық саны жөніндегі болжамын ықтимал деп санайды. Олардың  пікірінше, ең батыл болжамдарға сәйкес, Жер халқының саны жеті миллиардтан төмен түсуі екіталай.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Медицина мен дәрі-дәрмек орталығы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АҚШ-та Арканзас штатында бірнеше торнадо болды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.