Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Руслан Фатихұлы Жақсылықов 1966 жылы 4 наурызда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген.
И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін оқыған. Ресей Федерациясы ҚК Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын тәмамдаған.
1987–1988 жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі.
1988–1989жж. – Орта Азия әскери округы мотоатқыштар полкі барлау взводының командирі.
1989–1992жж. – Түркістан әскери округы мотоатқыштар полкі барлау ротасының командирі.
1992–1993жж. – барлау мотоатқыштар полкінің бастығы.
1996ж. – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері гвардиялық оқу-жаттығу орталығының барлау бастығы.
1996–1997жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының штаб бастығы.
1997–1998жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің полк командирі.
1998–2000жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері жедел тағайындау полкінің командирі.
2000–2004жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерді жедел тағайындау бригадасының командирі.
2004–2006 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бригадасының командирі.
2006–2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.
2007–2008жж. – қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер бас штабының бастығы.
2008–2013 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысы.
2013–2014 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.
2014–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.
2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылы қаңтар аралығында – Ішкі істер министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы.
2022 жылғы 19 қаңтардан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.