Елордада үшем дүниеге келді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада үшем дүниеге келді

05.04.2023
0
Елордада үшем дүниеге келді

Бұл – биылғы жылы елордада дүниеге келген алғашқы үшем.

Үш баланы босанған ана бірден көпбалалы жанұя қатарына қосылды. Әсел Шонтаева отбасымен былтыр тамыз айында Жамбыл облысы Қордай ауданынан елордаға көшіп келген. Үшемнің екеуі – қыз, біреуі – ұл. Қала тұрғыны №3 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлеріне алғысын білдірді.

Қуаныш иесін арнайы құттықтау үшін Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов барды.

«Бала денсаулығы басты назарда, әрі елордамызда жыл сайын тұрғындар саны, оның ішінде балалар қатары артып келе жатқандықтан, тағы да екі перинаталдық орталық салу жоспарда тұрғанын айтқым келеді. Қазір үш бірдей перзентхана жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек кадрлардың кәсібилігін арттыруға ерекше көңіл бөлетініміз баршаңызға мәлім. Былтыр 800-ден астам маман жергілікті бюджет қаражатынан шетелде білім алып келді. Олардың арасында неонатолог, педиатр мамандары жетерлік», деді басқарма басшысы.

Жыл сайын аталған ауруханада 8 мыңнан астам әйел медициналық көмек алады. Биыл Астанада 7 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан. Тәулігіне акушерлер 15-25 жүкті ананы қабылдайды. Елордада жылына 33 мыңнан астам сәби дүниеге келсе, оның ішінде эко күшінсіз үшем өмірге келуі сирек жағдай.

«Былтыр ана өлімі болған жоқ, нәресте шетінеп кеткен жағдай ең төмен дейгейде болды. Пациенттерімізге көрсетілетін қызмет сапасы үнемі бақылауда», дейді бас дәрігер Жұлдыз Данбаева.

Сәния, Самира және Айсұлтан есімді балапандардың денсаулығы қазір жақсы. Дәрігерлер сәбилерге күтім көрсетіп, үйіне шығуы үшін дайындап жатыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қаржы ұйымдарының әлеуеті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Күннен 33 миллиард есе үлкен қара құрдым табылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.