Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Украинада соғыс басталғаннан бері 500-ден астам бала көз жұмған

БҰҰ-дың мәліметінше, Украинада 2022 жылдың ақпанынан бері Ресей шабуылы салдарынан кем дегенде 501 бала көз жұмған.

Балалар қорының (ЮНИСЕФ) атқарушы директоры Кэтрин Рассел Твиттер парақшасында: «Бұл Украина үшін үлкен бір қайғылы кезең», деп жазды.

Рассел қаза тапқан балалардың нақты саны БҰҰ Агенттігі растаған сандардан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар 1000-ға жуық бала түрлі жарақат алған.

«Балалардың тәніне де, жанына да жара салған соғыс өмір бойы олардың жадында қалады. Әрбір бала, қай жерде тұрса да, бейбіт жағдайда өсуге құқылы. Ешбір бала зорлық-зомбылық пен қорқыныштың көлеңкесінде балалық шағын өткізбеуі керек», деп жазды Кэтрин Рассел.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

admin_altyalash

Қатарда Қазақстанның мәдениет күндері мәресіне жетті

admin_altyalash

Президент: ЕҚЫҰ – баламасы жоқ ұйым

admin_altyalash