Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев «Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ президиумының төрағасы болды.

«Заманауи мәселелерді жан-жақты шешу, проблемаларды талдау және шаралардың уақтылы орындалуы үшін одақ президиум құру туралы шешім қабылдады. Онда барлық өзекті мәселелер алқалы түрде шешіледі.

«Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ жалпы жиналысының шешімімен жарғының 5.2 және 5.9-тармақтары негізінде Серік Сәпиевті Қазақстан спортшылары одағы Президиумының төрағасы етіп тағайындау шешілді», делінген хабарламада.

Серік Сәпиев 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды ​​облысында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру мұғалімі», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Сонымен қатар ҚарМТУ мен Қазақ спорт және туризм академиясында да білім алған.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Ұқсас жаңалықтар

Боранбаевқа шыққан сот үкімі күшін жойды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барды

admin_altyalash

Футболдан Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға тізімі жарияланды

admin_altyalash