Бразилиядағы Маранхао штатында алапат су тасқыны болып жатыр. Осыған байланысты 53 қалада төтенше жағдай жарияланды.
Маранхаоның әскери құтқару департаменті хабарлағандай, су тасқынынан 36 мыңға жуық адам зардап шекті. Соның сегіз мыңы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Оған қоса табиғи апат салдарынан 6 тұрғын көз жұмды.
Апат аймағына ел президенті Лула да Силва сапар шегіп, жергілікті халықпен кездесті.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.