Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Израиль Сириядағы нысандарға соққы жасады

Израиль Сирияның оңтүстігінде және ел астанасы Дамаск маңында артиллериялық соққы берді.

ЦАХАЛ коммюникесінде соққының Сирия қарулы күштері пайдаланатын зымыран ұшыру қондырғыларына, әскери радар жүйелеріне және артиллериялық бекеттерге жасалғаны айтылды.

Бұл соққы сенбіден жексенбіге қараған түні Сирия аумағынан Голан төбелеріне екі рет зымыран ұшыруға жауап болды.

«Израиль қорғаныс күштері Сирияны өз аумағында болып жатқан барлық әрекеттерге жауапты деп санайды және Израильдің егемендігін бұзу әрекетіне жол бермейді», делінген мәлімдемеде.

Шабуыл осы аптада Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі қақтығыстар, Ливан мен Израиль арасындағы зымырандық шабуылдар, Газа секторынан атқылаудан және Израильдің жауап соққыларынан, Тель-Авив пен Батыс жағалаудағы өлімге әкелген шабуылдардан кейін аймақта шиеленістің артуы кезінде орын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Ташкент төріндегі жарқын жеңіс: Алматы циркі «Жібек жолында» қос жүлдеге қол жеткізді

admin_altyalash

Жозеп Боррель: Белоруссиядағы ядролық қару Еуропаға қауіп төндіреді

admin_altyalash

Иранда парламенттік сайлаудың екінші кезеңі басталды

admin_altyalash