Ораза кезінде жиі кездесетін 10 қате – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ораза кезінде жиі кездесетін 10 қате

14.04.2023
0
Ораза кезінде жиі кездесетін 10 қате

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ораза кезінде жиі кездесетін қателер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Апыл-ғұпыл тамақ жеу

Сəресінен ауызашарға дейін аш жүргендіктен қандағы глюкозаның деңгейі түсіп кетеді. Бұл адамда алдына келгеннің бəрін бір сəтте жалмап жеп қою сезімін оятады. Ал асығыс-үсігіс, апыл-ғұпыл тамақ жеу глюкозаның бір сəтте көтерілуіне жəне ауызашар дастарханынан кейін бірден ұйқының келуіне, бас ауруына себеп болады. Сонымен қатар тамақты əбден шайнамай жұта салғаннан ағзада тоқтық гормоны бөлініп үлгермей, қарын тоймағандай боп, көз жауын алар тəтті тамақтардан бас тарта алмай, қажетінен көп тамақтанып қоюыңыз мүмкін.

Сәресіне тұрмау

Егер сіз «Сəресіне тұрмай-ақ, тамақты кештеу ішіп жатармын, ұйқым бөлінбесін» десеңіз, денсаулығыңызды тағы бір ойлаңыз. Сəресіне тұрмасаңыз, келесі күні ауызашарға, тіпті, ашығып жетесіз. Бұл жоғарыда жазғанымыздай, тағы да тамақ жеу жүйеңіздің бұзылуына əкеп соғады. Бұған қоса, сəресінде жейтін жұмыртқа, сүт, ірімшік, нан, айран, жеміс-жидек, қызанақ, қияр секілді құнарлылығы жоғары тамақтар жемегендіктен жүйесіз тамақтанудан туындайтын денсаулық проблемаларына шалдығуыңыз мүмкін. Ал Рамазанда бір мезгіл ғана тамақтану энергия жетіспеушілігіне əкеп соғып, əлсіздік, бұлшықет атрофиясы, остеопороз, шаштың түсуі, анемия секілді ауруларға жол береді.

Майлы тамақ жеу

Майлы тамақтардың асқазанда қорытылу уақыты ұзақ əрі сіңуі баяу. Сондықтан да, сəресі жəне ауызашар кезінде майға қуырылған, майлы, соусты жəне кремді тамақтардан аулақ болыңыз. Əсіресе, ауызашар уақыты өте кеш, ал ауыз бекіту уақыты ұзақ болғандықтан әрі сəресін іше салып, жатып қалатын жағдайлар жиі болатындықтан, ағзада зат алмасу процесі (метаболизм) баяулайды. Ал майлы тамақтар жылдам салмақ қосуыңызға себеп болады.

Жеміс-жидекті артық не кем жеу

Маусымдық жемістер, əсіресе, бойында А, С дəрумендері бар, талшықты, антиоксидантты, шырынды жемістер – салауатты тамақтанудың басты азығы. Жүрек, бұлшықет, буын ауруларынан жəне қатерлі ісіктен қорғайтын ең маңызды азықты қамтитын жеміс-жидектерді аз не шектен тыс көп пайдалану денсаулық проблемаларына əкеп соқтырады. Ауызашар мен сəресі арасы өте қысқа болғандықтан, кейде жеміс-жидек жеуді ұмыттырып жібереді.

Сүт өнімдерін аз пайдалану

Сүт, айран, ірімшік, құрт секілді тағамдар сапалы протеин, кальций, фосфор, мырыш секілді минералдар мен В6, В12 секілді маңызды дəрумендердің қайнар көзі. Сүт жəне сүт өнімдерінің құнарлылығы жағынан айран пробиотиктерге бай. Рамазан айында жүйелі түрде пайдаланылған жағдайда іш желденуі, ас қорытпаушылық, іш қату секілді ас сіңіру проблемаларына жақсы əсер етуімен қатар, бойға қуат беріп, ауруларға қарсы қорғаныс қызметін жақсартады. Сонымен қатар қажет сұйықтықтың орнын толтыруды да қамтамасыз етеді. Сəресі мен ауызашарда не жеңіл-желпі ас ретінде күніне 2  шыны сүт не айран секілді сүт өнімдерін пайдаланған жөн.

Жеткілікті мөлшерде су ішпеу

Рамазан айында жеткілікті мөлшерде су ішпеу, əсіресе, іш жүрмеу секілді ас қорыту проблемаларына, əлсіздік, бас ауруы, концентрацияның бұзылуы, бұлшықет спазмы секілді денсаулығымыздың маңызды құндылықтарының бұзылуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан Рамазан кезінде ағзаңызды шөлдетпес үшін ауызашар мен сəресі арасында кемі 2-2,5 литр су ішуіңіз керек. Егер су ішуді ұнатпасаңыз, айран, қантсыз компот, өсімдік шайларын, минералды су секілді суға балама сұйықтық ішіңіз.

Самса жеуде шектен шықпау

Иісі мұрныңды жаратын небір самсалар Рамазан дастарханының сəні екені жасырын емес. Етті, ірімшікті самсалардың біреуінің өзі – жоғары калориялы азық. Көмірсуға да бай. Сондықтан ауызашар кезінде қызығып шектен көп самса жеп қойсаңыз, Рамазан біткен соң арықтау үшін диета ұстауыңызға тура келеді.

Шәрбат десерттер

Шəрбат қосылған десерттер диабет қантымен дайындалған десе де, ұн мен майдан-ақ тəттіге бай болады. Осы себепті мұндай шəрбат не қант қосылған десерттердің орнына сүт өнімдерінен жасалған не жемісті десерттерді таңдағаныңыз дұрыс. Тек мөлшеріне көңіл бөліңіз. Себебі жемісті десерттер де ішіндегі фруктозаның себебінен қан құрамындағы глюкозамен жылдам байланысқа түсетін көмірсуларға бай болады. Сол себепті аптада бір-екі реттен артық жемеген абзал. Бел аймағына май жиналуына байланысты, əсіресе, торт, бəліш, пахлава секілді жоғары калориялы десерттерден алшақ болыңыз.

Тамақ жеген соң ұйықтау

Күні бойғы жұмыс, кептеліс стресі, аштық, шөлдеуден кейін ауызашар кезіндегі апыл-ғұпыл əрі тоя-тыңқия тамақ жеу əрі бірден көтерілетін глюкозаның себебінен тəтті ұйқы сізді өзіне тартуы мүмкін. Бұған жол бермеңіз! Өйткені тамақ ішер-ішпестен ұйықтауыңыз жылдам салмақ қосуыңызға себеп болады. Тамақтанып болған соң 1-1,5 сағаттан кейін 30-40 минут жаяу жүру қандағы қанттың мөлшерін, қан қысымын, жүректің саулығын сақтайды.

Тамақ мөлшеріне назар аудару

Қарын ашқан соң, əлбетте, жылдам тамақтанғыңыз келеді. Ауызашар үшін дайындалған көздің жауын алатын, иісі мұрын жаратын дастарханға алданып, мөлшерлі ішуді ұмытып кетпеңіз. Сол үшін ауызашарды сорпамен бастап, тамақты əбден шайнап жеп, асқазанның тоқ екеніне үнемі құлақ түріп отырыңыз.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Оқулық сапасын қалай жақсартамыз?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Түркияда жер сілкінісі тіркелді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.