Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Тоқаев Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттер бірін бірі қасиетті Рамазан айымен және келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Иран қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты, соның ішінде көлік, логистика және сауда салаларындағы байланыстарды одан әрі нығайту үшін мүмкіндік мол екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституцияны қолдайтын Жалпыұлттық Коалиция құрылды

admin_altyalash

Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

admin_altyalash

Қазақ-қытай шекарасы: жеке тұлғалардың өтуіне шектеу қойылды

admin_altyalash