Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Риддердегі жылу орталығында тағы апат болды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында тағы апат болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 18 сәуірге қараған түні жылу электр орталығындағы қазандықтардың бірі апатты жағдайда істен шыққан.

“Жоғары қысымды қазандық апатты жағдайда өшірілді. Шұғыл түрде резервтік қазандық іске қосылды. Енді жылу жүйесіндегі температура біртіндеп көтеріледі”, – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында жылыту маусымы басталғалы Риддер жылу электр орталығы температура режимін 133 рет бұзған.

Ұқсас жаңалықтар

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені іске қосылды

admin_altyalash

Семейде 35 тонна өнім шығаратын ет комбинаты салынады

admin_altyalash

Бұл – аймақтық емес, ұлттық жоба, бүкіл елдің өркендеуінің катализаторы

admin_altyalash