Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны

Қасым-Жомарт Кемелұлы субсидиядағы жемқорлық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент субсидия өзінің мақсатында жұмсалмай отырғанын, бөлінген қаражат діттеген жеріне жетпей қолды болатынын айтты.

«2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны. Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарлық оқушы тоғызқұмалақтан әлем чемпионы атанды

admin_altyalash

«720 пәтері бар»: марқұмның үйлері мемлекет меншігіне берілді

admin_altyalash

Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру бойынша отырыс өткізді

admin_altyalash