Жаңа үдерістер мен бағыттар – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Шілде 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жаңа үдерістер мен бағыттар

20.04.2023
0
Жаңа үдерістер мен бағыттар

Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің баста­масымен «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идеологияны қалыптастарудағы орны» атты дөңгелек үстел өтті.

Президенттің «Әділетті мемле­кет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру шеңберінде өткізіл­ген іс-шараға Сенат және Мәжіліс депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің өкілдері мен медиа саласының мамандары қатысты. Дөңгелек үстелге төрағалық еткен комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп іс-шараның мақсаты еліміздің медиа саласы арқылы мемлекеттік идеологияны бұқараға ұтым­ды ұсынудың ресурстары мен тиімді тетіктерін қарастыру екенін атап өтті.

– Аласапыран, геосаяси шиеленіскен қазіргі уақытта идеологиялық шебімізді нығайту маңызды болып отыр. Біз осы дөңгелек үстел­ді ұйымдастыру жұмыстары аясында «Еларна» телеарнасында, «Қазақ газет­тері» ЖШС-ында болдық. Ондағы жағдайды көзімізбен көріп қайттық. Мән беруді талап ететін бірқатар мәселе көтеріліп отыр, – деді ол.

2021 жылы «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ке­шенді жаңғырудың негізі», 2022 жылы «Жастар және жаңғыру» атты кең көлемді парламенттік тыңдау өткендігін еске салған комитет төрағасы сол пар­ламенттік тыңдаулардың нәтижесі бойын­ша мемлекеттік органдарға жолданған ұсынымның ішінде ұлттық идеологияны нығайту бағытында бірқатар тапсырма енгізілгенін жеткізді.

Бүгінде «идеология» деген сөзге кей адамдар үрке қарайды. Оны адамдар­ға үстемдік құратын күш ретінде қабыл­дайтындар бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жуыр­да қабылданған Ақпараттық доктринада идеология сөзін «құндылық» деп ауыс­тырғанын атап өтті. Өйткені идеология әртүрлі болуы мүмкін, ал ұлттық құндылық біреу ғана. Ол ақпараттық идеологияның ұстыны болуға тиіс.

– Ақпараттық доктринадан бөлек, бүгін­де біздің министрліктің бастамасымен 3 заң жобасы дайындалып жатыр. Со­ның бірі – «Масс-медиа туралы» заң жо­ба­сы. Бұл құжатта негізінен журна­лис­тің мәртебесі көтеріледі. Оның қалам ұста­ған жандардың қызметін шектеу емес, реттеуге арналғанын баса айтқымыз келе­ді. Екіншісі – «Интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы» заң жо­б­асы. Бұл жоба шеңберінде интернет қолданушылардың жауапкершілігі кү­шейе­ді. Шетелдік платформалардың қыз­меті ел заңнамасына сәйкес реттелмек. Сондай-ақ блогерлер қызметін бір жүйеге келтіру көзделіп отыр. Үшінші – «Ақ­парат­қа қол жеткізу жөніндегі заң жобасы» әзірленіп, жақында бұл жобаларды Пар­­ламент қарауына ұсынамыз, – деді министр.

Дархан Қыдырәлінің айтуынша, масс-медиа туралы заң жобасында дәстүрлі бұқаралық ақпаралық құралдарындағы қазақ тілінің үлесін 70 пайызға дейін көтеру ұсынылған. «Қазіргі күні 50-50 ұстанымы қолданылатыны белгілі. Алай­да бүгінгі демографиялық жағдайды, қазақ тіліне деген сұранысты ескерсек, мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге толық негіз бар. Бұл да мемлекеттік идеологияны қалыптастыру бағытындағы маңызды бір қадам», деді министр.

Сонымен қатар ол медиасауаттылықты арттыру, журналистерге арналған семинарлар өткізу, Nickelodeon, Tiji, Tik Tok, Meta, Youtube секілді әлемдік компаниялармен жұмыс жүргізіп, олардың Қазақстан нарығына енуіне жол салатын бағыттарға тоқталды.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы креативті индустрияның өзегі қазақ тілі болып отыр. Бұл туралы медиасарапшы Мақпал Жұмабай айтты. Оның сөзінше, бұл тенденция ел экономикасына пайда әке­летін күшке ие. Сол үшін креативті индус­трия­ның мүмкіндіктерін молынан пайдалануымыз керек. Сонымен қатар ол жаңа медиа­ндан кейінгі кезекті назар аударатын бағытымыз – заманның жаңа сұранысы жасанды интеллектіні меңгеру екенін жеткізді.

– Алдағы уақытта жасанды интеллек­т­інің заманы келе жатыр. Оны қалай игереміз? Құндылықтарымызды қалай дамытамыз? Біз осыған қатты көңіл аударуымыз қажет. Болашақта телеарнада жаңалықтарды журналист емес, жасанды интеллектімен қаруланған роботтар жүргізуі мүмкін. Бізде жаман әдет бар: кез келген жаңалықты мойындамау, оған қарсыласу. Біз басқа дамыған өрке­ниеттерден шет қалмау үшін цифрлық әлем жаңалықтарын уақтылы қабылдап, оны игеріп, дамытуымыз қажет. Оған біздің мамандардың зияткерлік әлеуеті жетеді, – деді Мақпал Жұмабай.

Азаттық алғаннан бері еліміздің негіз­гі идеологиясы – тәуелсіздікті баян­ды ету, халықтың бірлігін нығайту, тарихи сананы ояту, рухани жаңғыру, халықаралық аренада диалог орнату екендігін айтқан Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Айгүл Қапбарова мемлекеттік идеология деген ұғымның синонимі ретінде «сенім» сөзін пайдалануға болатынын жеткізіп, жапондықтардың тәжірибесін мысалға келтірді.

– Жапондықтардың басты ерекшелігі – олардың идеологиясында жатыр. Олар экономикалық дамуды, тек пайданың көзі емес, халықтың бірлігі, тұтастығы деп біледі. Еңбекқорлық, әлемде болып жатқан өзгерістерге тез бейімделу, жоғары білімді, ғылымды игеру, жан-жақты даму – жапон идеологиясының басты мақсаты. Осы және басқа да озық тәжірибиелерге біз де мән беруіміз керек, – деді Айгүл Қапбарова.

Дөңгелек үстел басында «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамза­бекұлы, «Медиа дамыту қоры» кор­поративтік қоры басшысының кеңесшісі Жайнагүл Төлемісова, «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Бекзат Жүсіп, сценарист, продюсер, медиа сарапшы Перизат Мырзахметова, журналист Динара Сәтжан, депутат Артур Платонов сөз алып, дәстүрлі медианы жамыту жолдары, жаңа медиадағы соны тенденциялар, анимация, кино түсіру, көп қолданылатын әлеуметтік желілерде қазақ тілі, діні, дәстүрі, тарихына қатысты ұлттық идеология құндылықтарын насихаттап жатқан азаматтарды қолдау және жаңа медиада саннан сапаға көшу секілді өзекті мәселелерді ортаға салды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Тұрмыс сапасын арттыру ерекше бақылауда

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сапалы білім – ел дамуының діңгегі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.