Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Жанар-жағармай қаншалықты қымбаттады?

Қымбатшылық қос бүйірден қысып, қараша халықтың қалтасына кәдімгі­дей салмақ түсіре бастады.

Айлығы шайлы­ғынан артылмайтын ағайынның қарасы артты. Аяғына нық тұра алмаған теңге де теңселіп, инфляция да икемге көнбей кетті. Баға да бой беретін емес. Қызметтер қымбаттады. Қысқа күнде қырық құбылған бұл баға талайлардың түн ұйқысын қашырып, мазасын кетіріп-ақ тұрғаны…

Осы орайда сөредегі бағаның төрелігін айту үшін «Egemen Qazaqstan» газеті «Баға» деген атпен арнаулы бет ұйымдастыруды қолға алды. Барлық өңірдегі баға атаулыны баспасөздің безбеніне тартып көрмекпіз. Шекті құнынан асты ма деп шұқшиямыз. Қысқасы, бағаны бақылаймыз. Бар істің байыбын айтамыз. Артық кеткеннің айыбын айтамыз. Ел билігімен бірге асырып қойылған бағаны ауыздықтауға күш жұмылдырамыз. Осылайша,  «Баға»  арқылы біраз дүниені бағамдап отыруыңызға болады, құрметті оқырман қауым!  Бұл жолы жуырда ғана ел Үкіметі шекті бағасын белгілеген жанар-жағармайдың қымбаттауы төңірегінде сөз қозғамақпыз.

Ұқсас жаңалықтар

Нұртөре Жүсіп, Парламент Сенатының депутаты: Оқырмансыз газет ормансыз алқап секілді

admin_altyalash

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті

admin_altyalash

Ислам даму банкі Қазақстанның су саласына $1,15 млрд инвестиция салады

admin_altyalash