ПСЖ Мессиді Сауд Арабиясына барғаны үшін жазалайды.
Бұл туралы Франция ақпарат агенттіктерінде жарияланды.
Олардың хабарлауы бойынша футболшы жаттықтырушысы мен спорт директорына ескертпестен Сауд Арабиясына кетіп қалған. Сондай-ақ жаттығуға келмеген.
ПСЖ Лео Мессиді 2 аптаға ойыннан шеттетуге және осы уақыт аралығында жалақы төлемеуге шешім қабылдаған.