Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Жас теннисшілер әлем чемпионатына жолдама алды

Теннистен Қазақстан қыздар құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы ұсынған мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан іріктеу турнирінің жартылай финалында Ярослава Шведованың шәкірттері әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің бес дүркін чемпионы – Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Бірінші ойында Ариана Гогулина сәтті өнер көрсетіп, 7:5, 3:6, 7:5 есебімен ұтты. Ол бірінші партияда 2:5 есебімен жеңіліп жатып, қатарынан бес геймді алды.

Ал Полина Слепцова Аустралия көшбасшысы Тахлия Коккинисті артта қалдырды. Есеп – 7:5, 6:4.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы осы жылдың күзінде өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.

Айта кетсек, ертең, 6 мамыр күні финалда қазақ қыздары Жапония немесе Оңтүстік Кореяның біреуімен кездеседі.

Altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысының конькишілері Әлем кубогында жүлдегер атанды

admin_altyalash

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

admin_altyalash

Қазақстан гимнасшылары Challenger Cup турнирінің күміс жүлдесін алды

admin_altyalash