Сыр елінде Кореямен әріптестік аясы кеңейе түспек – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Тамыз 29, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Сыр елінде Кореямен әріптестік аясы кеңейе түспек

11.05.2023
0
Сыр елінде Кореямен әріптестік аясы кеңейе түспек

Сыр еліндегі казақ және корей халықтары арасындағы ашық әрі сенімді достық қарым-қатынастың бекігеніне 80 жылдан астам уақыт өтті. Кеңес заманында Қызылорда облысына депортацияланған корейлердің біршама ұрпақтары қоныстанып, тату-тәтті өмір сүруде.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген Корея мәдени орталығының бас хатшысы Джонг Гён Вон бастаған делегация мүшелерін қабылдап, аймақ үшін маңызды бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

– Облысымызда 29 кәріс ұлтының өкілі КСРО Социалистік Еңбек Ері атағын алған болатын. Бұл кәріс халқының өте еңбекқор екендігінің бір дәлелі. Біздің халқымызбен кәріс жұртының ұқсайтын бір қасиеті – үлкенді сыйлау. Кореяның азаттығы үшін күрескен бірегей тұлға, нағыз батыр Хон Бом Доны ерекше атап өткім келеді. Ол өмірінің соңғы жылдарын Сыр елінде өткізген болатын. Батырдың құрметіне Қызылорда қаласында мемориал тұрғызылып, оның есімімен қала көшесінің бірі аталды. 2021 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Корея Республикасына барған іс-сапарында Кореяның ұлттық батыры Хон Бом До сүйегін тарихи Отанына қайтару рәсімі мақұлдасқан болатын. Бұл – Қазақстанның корей жұртына деген шынайы ықыласы мен зор құрметінің белгісі. Былтыр Кореяның 100 студенті Сыр елінде болып, Хон Бом До және Ге Бон У корей халқының батырларының тарихымен танысты. Бұл ортақ келісімнің дамуының айқын көрінісі. Мұнан өзге, алдағы уақытта Тэчжон қаласымен және Чоллабук-до провинциясымен дамыған ауыл шаруашылығы саласымен ынтымақтасу жоспарлануда. Бүгінгі таңда осы бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Нұрымбет Аманұлы.

Кездесу аясында мәртебелі меймандар өңірлік корей этномәдени бірлестігінің де атқарып жатқан ауқымды жұмысы, Корея және Қазақстан арасындағы үлкен дәрежедегі достықты, жан-жақты байланысты сөз етіп, бұл сапар ынтымақтастық бағытындағы екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін айтып, алғысын жеткізді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Тазалық мәселелері талқыланды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

100 жастағы майдангерге автокөлік кілті табысталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.