Орта бизнес Қазақстанның қозғаушы күшіне айналуы тиіс – Әлихан Смайылов – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Орта бизнес Қазақстанның қозғаушы күшіне айналуы тиіс – Әлихан Смайылов

12.05.2023
0
Орта бизнес Қазақстанның қозғаушы күшіне айналуы тиіс – Әлихан Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың орта бизнес өкілдерімен өткізген кездесуінде өңдеу өнеркәсібін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жиынға Астана, Алматы және Шымкент қалаларының кәсіпкерлері, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ министрлер, қала әкімдерінің орынбасарлары мен кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға және мемлекеттік қолдауға жауапты квазимемлекеттік сектор басшылары қатысты.

Наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы елімізге экономиканы дамыту жолында өздеріне жауапкершілік ала алатын кәсіпкерлердің «жаңа толқыны» қажет екенін атап өтті.

«Орта бизнестен зор үміт күтіп отырмыз. Ол бәсекеге қабілетті өнім шығаратын және кең ауқымды қызмет көрсететін өңдеуші сектордың қозғаушы күшіне әрі драйверіне айналуы тиіс», деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Кездесу барысында қатысушылар қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өнім көлемін ұлғайту, импортты алмастыру және жаңа өндіріс орындарын дамыту, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу, салық салу, сертификаттау, индустриялық аймақтар мен индустриялық парктерді дамыту, инновацияларды енгізу, экспорт, жұмыс орындарын құру, кадр даярлау және тағы басқа мәселелерді талқылады.

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзекті мәселелерге тоқталды.

Премьер-министр мемлекеттік органдарға бизнес қауымдастығымен бірге көтерілген барлық мәселелердің шешімін пысықтау үшін тапсырма берілетінін айтты.

Ол әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, орта бизнес үнемі өзгеріп отыратын нарықтық жағдайларға тез бейімделетінін атап өтті. Бұл оны өз кезегінде экономикалық дамудың аса маңызды бағдарына айналдырады. Сол себепті дамыған елдер шағын кәсіпорындарды әлемдік нарықтағы позициясын кеңейтіп, нығайтуға белсенді түрде ынталандырып отырады.

«Мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Samsung, Toyota немесе Hyundai сияқты компаниялар шағын және орта бизнес ретінде өз жолын бастаған, ал бүгін оларды табысты әлемдік көшбасшылар ретінде білеміз. Өз кезегінде Үкімет бизнестің дамуына қажетті барлық шараларды қабылдап жатқанына сендіргім келеді», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы жүктемені азайтып, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуді көздейтін жаңа Салық кодексі әзірленіп жатқанын айтты.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтарын одан әрі қорғау мақсатында «таза парақтан» реттеу нормасы енгізілуде. Оның аясында бизнеске қойылатын 10 мың негізсіз талап алынып тасталады және мемлекеттік бақылаудың барлық бағыты бойынша рәсімдер автоматтандырылады.

«Бұл жаңа жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий аяқталғаннан кейін адами факторсыз, тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері негізінде барлық тексеру кестелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл тексерулер санын азайтып, мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттырады», деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, мемлекеттік ресурстар мен инфрақұрылымға қолжетімділікті жеңілдету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа моделі әзірленгенін айтты. Жергілікті деңгейде жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым және әкімдіктердің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша да қолдау көрсету жалғаса береді.

«Негізгі капиталға инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру бойынша әкімдіктерге қойылған нақты KPI бар. Бұл ретте ШОБ субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке берілді, сол себепті әкімдіктер жеке секторды кеңейтуге мүдделі. Үкімет әрқашан бизнеспен диалогқа ашық екенін және оның дамуына ықпал ететін жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін тағы да атап өткім келеді», деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан Қытайға 1 млн тоннаға дейін астық экспорттауға ниетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Машина жасау саласы: Жаңа технологиясыз жаңару қиын

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.