Жас жауынгерге арналған жоба – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жас жауынгерге арналған жоба

12.05.2023
0
Жас жауынгерге арналған жоба

Енді әскери борышын өтеген азамат ҰБТ тапсырмай-ақ, жоғары оқу орнына түсе алады. Осы мақсатта Қорғаныс министрлігі еліміздегі білім ордаларымен келіссөз жүргізіп, 3 мыңнан астам тегін оқу грантын тағайындады. Жоба биыл күзден басталады.

Мұндай бастаманы Қорғаныс министрлігі әскерге баруға ынталандыру үшін ойлап тапқан. Бұған мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейді. Шығынды университеттер өтейді. Бірақ бұл жеңілдік мемлекеттік грант болмағандықтан шәкіртақы берілмейді. Соның өзінде, тегін оқу үшін 15 мың сарбаз арнайы іріктеуден өтіп жатыр.

– Қазір компьютерлік бағ­дар­ла­мамен іріктеу өтіп жатыр. Қорытын­дысы осы арқылы шығады. Оның үстіне Қорғаныс министрінің бұй­ры­ғымен жеке арнайы комиссия құрылады. Әскери қызметтің нәтижесі бойынша тегін жоғары білім беру мәселесін осы комиссиясының өкілдері шешеді. Осылайша, олар ең үздіктеріне ұсыным береді, – деді Қорғаныс минис­трлігі білім және ғылым депар­таменті басшысының орынбасары Бегім Нұрмаханов.

Үміткерлерді іріктеу төрт түрлі әдіспен жүзеге асыры­лады. Яғни сар­баздың жауын­герлік даярлық бағдар­ламасын меңгеру деңгейі, жеке тәртібі, жауынгерлік кезекшілігін ат­қару кезінде міндеттерді толық орындауы және психологиялық жай-күйі бағаланады. Бұдан өткендер университет пен бі­лім беру бағдарламасын өзі таңдайды. Әскерден кейін екі жыл ішінде оқуға түсуге мүм­кіндік болады.

– Бастаманы Қорғаныс ми­нистрлігі былтырдан бастап қолға алды. 2022 жылы еліміздегі жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қойылған болатын. Бірінші кезекте Отан алдындағы әске­ри борышын өтеген азамат­тар еліміздің кез келген жоға­ры оқу орнына ұлттық бірың­ғай тестілеусіз, ақылы негіз­дегі оқуға түсе алады. Ал сар­баздардың ішіндегі бір жыл бо­йына үздік нәтиже көрсеткендері тегін оқуға түсуге мүмкіндік алады. Біз тұрақты түрде жылына 3 мыңға тарта азаматқа тегін оқу мүмкіндігін береміз деген ойдамыз. Қазір жобаға еліміздегі 70-тен аса жоғары оқу орны қолдау білдірді. Сондықтан бұл бағдарлама жүйе­леніп, әлі де жалғасын таба­ды деген сенімдеміз. Бір айта кетерлігі, бүгінде әскер қата­рына келуге ынта танытып жат­қан, әске­ри қызметке деген қызы­ғу­шылығы туған жастар қатары арт­қанын байқадық, – деді Қор­­ғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары Руслан Жангулин.

Сондай-ақ Қорғаныс ми­нис­трлігі Қаржы нарығын зерт­теу агенттігімен бірлесе мемо­ран­думға қол қойып, сарбаз­дар­ға кредиттік демалыс беру­ді бас­тады. Бұл әскердегі аза­мат­­тардың тұтынушылық не­сие­­лерді, шағын қарыздарды өтеу­ді 13 айға кейін­ге қалдыру мүм­кіндігі. Оған өтініш беру үшін банкке сарбаздың өзі баруы міндетті емес. Тек әскери бө­лімде борышын өтеп жүргені туралы сенім­хатты жақын туыс­тарының біріне берсе болды. Бүгінде бұл игілікті еліміздегі 3,5 мың әс­кери қызметші пайдаланып үлгерген.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Әлемді алаңдатқан адам саудасы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

АҚШ-тан Астанаға есірткі жеткізбек болған тұрғын ұсталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.