Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Елена Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы атанды

Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина әлемдік рейтингте алғаш рет үздік бестіктің қатарына енді.

Дәл қазір Римде «Мастерс» турнирі өтіп жатыр. Онда Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина сәтті өнер көрсетіп, WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Осылайша, ол алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілуге мүмкіндік алды. Айта кетсек, Елена бұдан да жақсы нәтижеге қол жеткізсе, рейтингте төртінші орынға шығуы мүмкін.

Турнирдің төртінші айналымында Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 70-орында тұрған Чехия өкілі Маркета Вондроушовамен шеберлік байқасқан еді. Елена мен Маркета бұған дейін де кездескен еді, 2021 жылы Мәскеу жарысында чехиялық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен.

Бұл жолы Рыбакина есе қайтарды. 1 сағат 14 минутқа созылған матч барысында Елена 4 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана алды.

Енді Елена Рыбакина жартылай финалдың жолдамасын әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингте 24-сатыдағы хорватиялық Донна Векичтің біреуімен сарапқа салады.

Ұқсас жаңалықтар

Бәсеке заманында біліктілігі жоғары маман озады

admin_altyalash

Жамбыл облысында «Конституциялық реформа – саяси жаңғырудың негізі» тақырыбында пікір алмасу өтті

admin_altyalash

«Бірде-бір адам шағымданбады»: Қазақстандықтардың жеке дерегін қорғаумен 4 адам айналысады

admin_altyalash