Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел жазасын 5 жылдан кейін өтейтін болды

Қостанай облысында Antares қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Пирамида ұйымдастыру фактісін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.

2021 жылы сотталушы Antares қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқан. Күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты.

Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық залал келді.

Сот әйелді 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот сотталушының 3 жас баласы және жүкті екенін ескеріп, жазаны орындауды 5 жылға кейінге қалдырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Семей қаласында 300 орындық жаңа мектеп ашылды

admin_altyalash

Jibek Joly туристік пойызы Түркістанға келді

admin_altyalash

Өнеркәсіпке инвестициялар: «Сарыарқа» АЭА-да жаңа кәсіпорындар ашылуда

admin_altyalash