«Әруақ желеп-жебей жүрсін»: Бас мүфти даулы мәселеге нүкте қойды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Әруақ желеп-жебей жүрсін»: Бас мүфти даулы мәселеге нүкте қойды

19.05.2023
0
«Әруақ желеп-жебей жүрсін»: Бас мүфти даулы мәселеге нүкте қойды

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғамда дау тудырған «әруақ» мәселесіне нүкте қойды деп хабарлады Qaz365.kz сайты.

Бұған дейін отандық телеарналардың бірінде Астанадағы бас мешітте өткен ақсақалдар арасындағы І республикалық бата беру байқауында бас мүфти «әруақ» сөзін аз қолдану керек, ал реті келсе, мүлдем қолданбау қажет» деп айтқаны көрсетілген. Бірақ кейіннен Діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы  «Бас мүфтидің дұға жасау әдептеріне қатысты айтқан сөзі эфирден толық берілмей қалған. Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушылар түрлі пікір жазылып жатыр» деген болатын. Бүгін бас мүфтидің өзі мешітте осының нүктесін қойды.

«Қазақы дүниетанымда әруақты құрметтеу, марқұмдардың әруағына Құран-дұға бағыштау, әруақ қолдасын, желеп-жебеп жүрсін дегеннің барлығы шариғатымызда рұқсат етілген, шариғатымыз тыйым салған дүниелер емес. Мұны жақсы түсінуіміз керек», – деді Бас мүфти.

Ол қазақ халқында рухты әруақ сөзімен атап, оны ерекше қасиетті ұғым ретінде бағалаған деп айтты.

«Әсіресе, дүниеден өткен ғалым, ғұлама, әулиелердің әруағын қастерлегені баршамызға белгілі, асыл дінімізде  «Тәуәссул» деген ұғым бар. Бұл сөздің тілдік тұрғыдағы мағынасы қандай да бір мақсатқа жету үшін белгілі бір құралды себеп ету. Шариғат ғалымдарды «Тәуәссулды» өзгеден дұға тілеп, Алла тағалаға жақындау деп түсіндірген», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Мұхаммед пайғамбарды тірі кезінде де, қайтыс болған соң да «Тәуәссул» жасап, дұға тілеуге рұқсат етілгенін айтты.

«Хадистерде ғалымдарымыз айтады, адам баласы қайтыс болған соң, ұрпақтарының жақсылығымен қуанады. Арттағы ұрпақтары бір қателік жасап, күнәға батса ұялады. Қуанған ата-аналар балалары үшін дұға етеді. Қазақ халқы «әруақ желеп-жебей жүрсін» дейді.  Мінекей, мұның бәрі шариғатта негізі бар дүниелер», – деді Бас мүфти.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Психологиялық тест: сіз стақанды қалай ұстайсыз?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жаңа әуежай терминалының құрылысы қарқынды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.