Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды

Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, қазақстандық теннисші 5090 ұпай жинап, WTA рейтингінде 6-дан 4-сатыға көтерілді. Елена төртінші орындағы франциялық Каролин Гарсияны (5025 ұпай) да басып озды.

Финалдан кейін қазақстандық теннисші қарсыласы Ангелина Калининаны досым деп атап, жарақатынан тезірек сауығып, Ролан Гаррос жарысында табысты өнер көрсетуіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар барлық жанкүйерлерге алғысын айтып, жаңбырға байланысты жиі-жиі кейінге қалдырылған ойындардың оңай болмағанын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада мектеп оқушыларына арналған қанша үйірме жұмыс істейді

admin_altyalash

Париж Олимпиадасында Қазақстан Туын кімдер ұстайды?

admin_altyalash

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

admin_altyalash