Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері адамзатқа COVID-тен де қауіпті жаңа пандемияның қаупі бар екенін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын хабарлады.
«Ауру мен өлім қаупі жоғары COVID вирусының басқа да нұсқасы пайда болуы мүмкін», деді ұйымның бас директоры.
Тедрос Гебрейюс бүкіл әлемді болашақта қауіпке қарсы тұруға дайын болуға шақырды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ДДҰ 5 мамырда 2020 жылдан бері күшіне енген жаһандық коронавирустық пандемия мәртебесін жою туралы шешім қабылдады. Пандемия 1150 күнге созылған еді.