Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн 1997 жылы арнайы жарлықпен бекітілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 125 мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сынды қайраткерлер мен ұлт зиялылары бар. Саяси құрбандар лагерьлерге жіберіліп отырды. Қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың әйелдері де Ақмола облысында орналасқан «АЛЖИР» лагерінде азапталды.

1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданған болатын. Соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталды.

Ақтау шаралары әлі де жалғасып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде: «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз», деген болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелінуге тырысты

admin_altyalash

Елдігімізді танытқан ерен жыл

admin_altyalash

Қазақстандықтар 62 қызмет түрін онлайн ала алады

admin_altyalash