Инфляция төмендей ме? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Шілде 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Инфляция төмендей ме?

01.06.2023
0
Инфляция төмендей ме?

Экономиканы қолданбалы зерт­теулер орталығы (AERC) мау­сымда инфляция деңгейі 15,22 пайыз болады деп болжайды. Орталық сарапшыларының ай­туынша, сыртқы факторлар дезинфляциялық үрдістің (инф­ляцияның төмендеуі – ред.) орнықсыздығын көрсетіп отыр.

«Ресейде жылдық инфляция сәуір­де 1,56 пайызға дейін баяула­ды (наурыздағы 3,51 пайызбен салыс­тырғанда). Аталған елдегі инфля­цияның күрт төмендеуі Қа­зақ­стандағы инфляцияның баяулауы үшін жағымды фактор болып есептеледі. БҰҰ азық-түлік жә­не ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) индексінің орташа мәні сәуір­­де ұлғайып, 127,2 пункт болды. Нау­рыздағы көрсеткіштен 0,6 пайыз­ға жоғары. Бұл жылдық төмен­деуден кейінгі азық-түлік тауарлары бағасының алғашқы өсуі. ФАО азық-түлік бағасы индексінің айтарлықтай өсуінің маңызды факторы – қант бағасының қымбаттауы болды. Астық, сүт өнімдері бағаларының индексі төмендеуді жалғастырды. ФАО индексінің бұлай жоғарылауы әлемдегі дезинфляциялық үдерістің тұрақсыздығынан хабар береді», деп мәлімдейді орталық кезекті шолуында.

Олардың айтуынша, еуроаймақта­ғы жылдық инфляция сәуірде 7 пайыз­ға дейін артты. Бұл – бес ай­лық төмендеуден кейінгі алғашқы өсім. Қа­зақстанның маңызды сауда се­ріктесі – ЕО-дағы инфляция өсімі – әлемнің алдыңғы қатарлы эконо­микасындағы төмендеудің орнық­сыздығын байқатады.

«Қытай экономикасының ашылуы мұнайға деген жоғарғы сұраныс үмітін ақтамады. Қазір «қара алтын» бағасы барреліне 75 доллардың маңайында саудалануда. ОПЕК+ елдерінің мұнай өндірісін ерікті түрде төмендетуі, соның ішінде өндірістің Қазақстанда тәулігіне 78 мың баррельге қысқаруы мұнай бағасы өсіміне ұзақ мерзімді эффект бере алмады. Аталған фактор ұлттық валюта бағамына қысым жасай отыра проинфляциялық факторға айналуы әбден мүмкін. Қазақстанда жылдық инфляция наурыз-сәуірде төмендеуді жалғастырды. Алайда сыртқы және ішкі факторлар динамикасы аталған дезинфляциялық үрдістің тұрақты емес екенін байқатып отыр. Көп жағдайда Қазақстандағы жылдық инфляцияның төмендеуі жоғары базалық әсерге байланысты, ал ай сайынғы инфляция жоғары қарқынмен өсуін жалғастыруда», делінеді шолуда.

Қаржы министрі Ерұлан Жамау­баевтың айтуынша, Қазақстан инфляцияны екі есе төмендету межесін орындай алады.

«Бізде былтыр инфляция 20 пайыздан асып кетті. Биыл ол цифрды кем дегенде екі есе төмендеткіміз келеді. Ар­найы  кешенді жоспар әзірлеп отырмыз. Онда ішкі нарықтағы отан­дық тауарлардың пайызын жоғары­лату көзделген. Осы жоспарды орындау үшін тиісті бюджет қаражаты бөлінеді. Сонымен қатар инвестиция да тартамыз. Қазір тауарларды сақтау және та­сы­малдау тетігін жақ­сарту жоспарланып жатыр. Көп жағ­дай­да өндірушілер өндірген тауар­лар тұтынушыға тиісті сап­а­­да жет­пейтіндіктен бұлай істеудің қажеттілігі жоғары болып тұр», дейді министр.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Банк тәуекелінің болжамы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Рәміздер күніне орай 100-ге жуық іс-шара өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.