Елімізде «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.
Елордада өткен бәсеке тартысқа толы болды. Себебі бұнда тек түйе палуандар ғана емес, жеңіл, орта және ауыр салмақтағы белдесулер де болды. Бас-аяғы 150-ге жуық қатысушы 8 салмақта бақтарын сынап көрді. Ал республикалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдаманы 20 жігіт сарапқа салды.
Нәтижесінде Жасұлан Халхабаев барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орын Ерасыл Жорабекке бұйырды. Қос палуан да республикалық турнирде өнер көрсетеді.
Ал үздік үштікті Нұрдаулет Айсағалиев түйіндеді. Дәл осылай басқа аймақтарда да іріктеу кезеңі ұйымдастырылып жатыр. Түйе палуандар арасындағы жылдың басты бәсекесі шілде айында Астанада өтеді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.