Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Еуропада газ бағасы рекордтық деңгейде арзандады

Лондонның ICE биржасындағы сауда-саттық деректеріне сәйкес, TTF хаб индексі бойынша маусымдағы газ фьючерстері  27,4 еуроға (13 106 тг) дейін арзандады.

Еуропадағы газдың қазіргі бағасы соңғы екі жылдағы ең төменгі баға. Ресейден жеткізілетін газдың тоқтағанына қарамастан, баға 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап арзандай бастаған. Ал оған дейін газ бағасы 306,9 еуроға (146 799 тг) дейін өсіп кеткен болатын.

ER monitor мәліметінше, газ бағасының арзандауына қордың молаюы әсер еткен. Еуропада биыл қыс жылы болғандықтан, газ қоймалары 64 пайызға дейін толған. Яғни тапшылық жоқ.

Сондай-ақ Еуроодақ ЕО елдері үшін бірлесіп сатып алу тетігін енгізген. Бұл тәсіл оң нәтиже беріп жатыр.

Айтолған ЖҮНІСХАН

Ұқсас жаңалықтар

Жер қойнауында балқытылған тау жынысының жасырын қабаты табылды

admin_altyalash

Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті – СІМ

admin_altyalash

Рим Папасына ота жасалды

admin_altyalash