Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Венгрияда мұғалімдер шеруге шықты

Венгрияда мыңдаған адам шеруге шықты. Ұстаздар мен оқушылар үкіметтің мұғалімдерден мемлекеттік қызметкер мәртебесін алып тастау шешіміне наразы болап отыр, деп хабарлайды qazaqstan.tv арнасы.

Наразылық акциясына шыққан адамдар полицияның жасөспірімдерге көзді жасаурататын газ қолдануына да қарсылық білдірген.

Мұғалімдер мен олардың шәкірттері Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанына жиналып, «білім берудің құлдырауы қоғамның күйреуімен тең» деп ұрандатты.

Венгрия үкіметінің мәлімдеуінше, ұстаздарға қатысты заң жобасы білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

Ал осы құжат қабылданса, 5 мыңға тарта мұғалім жұмыстан кететінін айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркияда тағы 5 балдық зілзала тіркелді

admin_altyalash

Қарабақтағы жарылыстан 125 адам қаза тапты

admin_altyalash

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп қамауға алынды

admin_altyalash