Жарылысқа тосқауыл бар ма? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қыркүйек 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Жарылысқа тосқауыл бар ма?

05.06.2023
0
Жарылысқа тосқауыл бар ма?

Жазғы маусым басталса болды Аршалы ауданы тұрғындары қиыр­шық тас өндіретін өндіріс орындары­ның қою түтіні мен шаңына тұншығып жан сақтауға мәжбүр болады.

Бүгінде ауданда ресми тіркелген 38 зауыт бар. Аудан аумағында карьерлердің саны жыл өткен сайып көбейіп барады. Тұрғындар қиыршық тастарды өндіруде қатты жарылыстардың күшеюіне де алаң­даулы. Көпшілік жарылыстардың қатты бола­тыны соншалық, үйлердің қабырға­лары қақырап, терезелері шытынап сына­тын оқиғалар жиілеп кеткен. Мұнымен қоса, қою шаң үйлер мен жалпы кентті тұтастай басып, тыныс алу аса қиындап кететін болған. Ауданда онкологиялық ауруға шалдыққандар саны да көбейе түскен. Алайда жергілікті билік пен облыс­тың құзырлы органдары мен Экология департаментінің басшылықтары «бәрі де рұқсат етілген қалыпты мөлшерде» деген сырғытпа жауап беруден әрі аспайды.

Астанадан таяқтастам қашықтықтағы Аршалы кентінде бүгінде 6 мыңнан астам халық түтін түтетеді. Дабыл қаққан тұрғын­дар соңғы кездері жарылыстардың қуаты бұрынғыдан да қатты күшейіп кеткенін айтып жүр. Олардың айтуларынша, құлақ тұндыратын қатты дауыстан тіпті үйлер сілкінеді екен. Кейбір үйлердің қабырға­лары қақырай жарылып та кетіпті.

– Бірнеше күн бұрын үйіміз тұтастай қопарыла сілкінді. Әрі бұл алғашқы жағдай емес. Мұның бәрін кім жасырып, жауып отыр? Адамдардың бәрі арыз-шағым жа­зып жатыр. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Барлық жауапта «рұқсат етілген қалыпты нормадан аспайды» деген жауап келеді. Жауаптылар үйдің шатыры біреулердің басына құлап, орны толмайтын қайғылы жағдай болғанын күтіп жүргендей? Осыған дейін жарылыс болатыны ескертіліп, дабыл соғылып, белгі берілетін. Енді ол да жоқ. Ойда жоқта қатты жарылыс болады. Соңғы жарылыста тіпті аспан түнеріп тұ­тастай қап-қараңғы болып түк көрінбейтін шаң болып кетті. Шаңды басатын су да себілмейді. Қашанға дейін осылай күй кешеміз? Карьердегілер еш жаза қолданыл­мағандықтан шектен шығып кетті. Жарылғыш заттардан қалған қаптар әр жерде шашылып жатыр. Бірақ оған да ешкімнің бас қатырғысы келмейді», – дейді Аршалы кентінің тұрғыны Елена Виноградова.

Аршалы ауданының қоғам белсенділері соңғы жарылыстар 19-20 мамыр күндері аудан орталығында жиналыс өтіп жатқан кезде болған. Бұл оқиғаға облыс орталы­ғынан келген шен-шекпенділер мен Экология департаментінің басшылары да куә болған екен.

– Экологиялық жиналыс 19 мамырда өткен. Бірақ мені онда кіргізбеді. Дәл сол кезде кент іргесіндегі карьерлерді қою қара шаң басып артынан қатты жарылыс болды. Оны осы жиналысқа келген облыстағы әкім­қаралар мен экологтар да көзбен көріп, құлағымен естіді. Бірақ бұдан кейін де ешқандай шара қолданылмады. Жи­налыстың хаттамасын сұраттым. Бірақ әлі әкімдіктен хат-хабар болмай отыр. Жары­лыстардан үйлері қақырап, терезелері шытынай сынғандар көп. Ауылдың үйлері мен бау-бақшасын тұтастай шаң мен түтін басып қалады. Бірақ ешкім оған жауап бермейді. Біреулерге мұның тиімді болып тұрғаны анық. Мен өзім Волгодон ауы­лында туып-өстім. Біздің ауылдың дәл іргесінде бар болғаны 350 метрде карьер бар. Ауыл мен арадағы қашықтықтың тым қысқа екенін жәні мұның заң талаптарына сай келмейтінін баяндап, Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне хат жаздым. Бірақ хатыма бүгінге дейін дұрыс жауап ала алмай отырмын, – дейді Аршалы ауданының белсенді тұрғыны Станислав Круглов.

Аудан әкімдігіндегілер барлық карьер мен өндіріс орындарындағы кен өндіру жарылыстары Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен келісіліп жасалғанын тілге тиек етті. Өз кезегінде департамент мамандары бұл жағдайдың бәрі зауыттар ұсынған деректермен есептелетінін жет­кізді.

– Қолда бар ақпараттарға сәйкес Арша­лы кентінің айналасында 5 жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын жарылыс жұмыс­тарын жүргізеді. Ережелерге сәйкес, жары­лыс жүргізуге бір жылға рұқсат етіледі. Барлығы берілген есепке сәйкес жүргізіліп жатыр, – дейді Ақмола облысының Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті­нің басшысы Ерік Қабашұлы.

Түйінді жағдайға қатысты Ақмола об­лы­сының Экология департаменті басшы­лы­ғының да пікірін білген едік. Депар­та­мент басшысы Аршалыда былтыр эколо­гия­лық заңға қайшы келетін фактілер тір­келгенімен, оның бәрі араға уақыт са­лып қайта түзетілгенін алға тартты.

– Былтыр қиыршық тас өндіретін бірнеше кәсіпорынға кемшіліктерді жоюға нұсқаулар берілген. Одан кейінгі жүр­гізілген тексерістер бәрінің қалыпты дең­гейде екенін көрсетті. Жуырда 19 мамырда Аршалы кентінде экологиялық жиынға да қатысып қайттым. Бірақ дәл сол күні жарылыс сезінген жоқпын, – деді Ақмола облысы Экология департаментінің ба­с­шысы Қадырхан  Бейсенбаев.

Қатты жарылыстар мен шаң-түтіннен қажыған тұрғындар құзырлы органдардан қолдаудың жоқтығынан енді өздері әре­кетке көшкенін айтады. Ол үшін белсен­ділер зауыттарға арнайы барып жағдайды өз көздерімен көріп, тиісті құрылғылардың бар-жоғын, зауыттың экологиялық талап­тарды қаншалықты орындайтынын бақы­лауға алмақ. Дегенмен тұрғындар билік ор­ган­дарының жүгенсіз кеткен өндіріс орын­дарына назар аударылмайтынына наразы. Құзырлы органдар жоғарыдан бақылау жасап, тиісті комиссия құрылмайынша мәселе шешілмейтін сияқты.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Көкөністі қоқысқа тастағандарға кешірім жоқ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сыр диқандарының көңілі күпті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.