Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

1 шілдеден бастап газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

Энергетика министрлігі 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті деп хабарлады  turkystan.kz.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:

  • Астанада – 27 052 теңге;
  • Алматыда – 25 103 теңге;
  • Шымкентте – 26 197 теңге.

Бұл ретте бағаны 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кезең-кезеңімен көтеру  қарастырылған деп жазды Zakon.kz.

2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:

  • Астанада – 36 135 теңге;
  • Алматыда – 42 759 теңге;
  • Шымкентте – 41 158 теңге.

Басқа өңірлердегі бағаларды мына жерден көруге ​​болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және  сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілген.

Бұйрық 2023 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі әнімен әлеуметтік желіні тәнті етті

admin_altyalash

Білім беру нысанының құрылысы орын тапшылығы мәселесін шешуге септігін тигізеді

admin_altyalash

Конгода су тасқынынан 176 адам көз жұмды

admin_altyalash