Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Ертіс өзенінде қытайлардың алтын өндіріп жатқаны рас па?

Абай облысының әкімдігі желіде қытайлық компанияның Ертіс өзенінде алтын қазып жатқаны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кешелі бері әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бесқарағай ауданы Долон ауылындағы Ертіс өзенінде қытайлық компанияның Ертіс өзенінде алтын қазып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Онда «Олар химиялық заттарды (цианит) пайдаланып жатыр. Сондықтан Ертіс өзенінде мүлде шомылмаңыздар» деп жазылған.

Осыған орай, Абай облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.

«Ертіс өзенінің түбінде алтын кенін өндіру үшін ҚХР азаматтары келгені туралы ақпарат шындыққа мүлде сәйкес келмейді. Тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз. Көрінеу жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Қалдықтан кәсіпке: Түркістан облысының тұрғыны қоқыстан табыс тауып отыр

admin_altyalash

Қызылорда облысында күріштің өнімділігі 52 ц / га-дан асты

admin_altyalash

Қарағанды облысында жамбы атудан үздіктер анықталды

admin_altyalash