Қазақстанда қымбат көлік иелеріне қосымша салық салынбақ. Бұл туралы Сенатта өткен «дөңгелек үстелде» ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Салық саясаты және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» барысында Амрин сән-салтанат тауарларына салынатын салықты арттыру жоспары туралы айтты.
– Көлік құралдары бойынша. Мұнда да шамамен 50 миллион теңге шегін қоюды көздеп отырмыз. Егер көлікің нарықтағы құны осы шектен асып кетсе, онда акциздер арқылы қосымша салық салынады, – деді шенеунік.