Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Елордалықтар дүниежүзілік VIRTUS ойындарының жүлдегерін қарсы алды

VI Дүниежүзілік VIRTUS ойындарында велоспорт бойынша сынға түсіп, жүлделі екінші орыннан көрінген елордалық спортшы Дастан Ордабай Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордалық Дастан Ордабай велотректен 4 бірдей қашықтықта жүлдеге ілікті.

Оған қоса тағы бір қазақстандық Әмір Алпамыс жүзу бойынша бағын сынаған еді. Қос спортшыны Астана әуежайынан достары, туыстары мен спорт саласының мамандары күтіп алды.

Осылайша командалық есепте Қазақстан велокомандасы Virtus Global Games 2023 халықаралық ойындарында, II3 (аутизм) санатындағы қатысушылар арасында 2-орынға ие болды.

Айтулы додада 60 елден келген 1 000-нан астам спортшы 7 күн бойы спорттың 13 түрінен сынға түсті.

Бұған дейін хабарлағандай, дүбірлі додада Қазақстан спорттың жүзу және трек веложарысы түрімен алғаш рет Астаналық АСБ (аутизм спектрінің бұзылуы) синдромы бар екі спортшы қатысты. Олар – II3 санатындағы Дастан Ордабай мен Әмір Алпамыс.

Енді алдағы уақытта қазақстандық спортшылар айтулы аламанға тұрақты түрде қатысуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, ел намысын қорғайтындардың қатарын біртіндеп арттыру да көзделіп отыр.

Айта кетсек, «Virtus Global Games 2023» интеллектуалды даму ерекшеліктері бар тұлғалар үшін өткізіледі. Бұл дүниежүзілік ойындар төрт жылда бір рет өткізіледі. Қазіргі уақытта Virtus ұйымына 90 мемлекет кіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Даланың дүбірлі додасы

admin_altyalash

Футболдан Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға тізімі жарияланды

admin_altyalash

Мастерс турнирі: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

admin_altyalash