Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Головкин барлық чемпиондық титулынан айырылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) орта салмақтағы IBO чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты деп хабарлады vesti.kz сайты.

Халықаралық бокс ұйымының (IBO) президенті Эд Левин орта салмақтағы чемпиондық атақ өз иесін күтетінін хабарлады.

«Геннадий мен IBO арасындағы байланыс 12 жылға жалғасты. 22 жекпе-жек болды. Біздің белбеумен оның орта салмақтағы чемпиондық жолы басталды. Басты қарсыластары қаншама жыл жұдырықтасудан сескеніп-ақ жүрді. Себебі ол бірде-бір рет нокдаунға түспеген мықты боксшы болды. Оның чемпиондық атақтан бас тартқан шешіміне құрметпен қараймыз. Әрине, өкінішті. Бұл атақ осы салмақтағы өз иесін күтеді», – деді Эд Левин.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада «Алтын тұғыр» ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті

admin_altyalash

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

admin_altyalash

Азиада-2023: Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко чемпион атанды

admin_altyalash