Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Kaspi банк қызметкерлерін кепілдікке алған жігітке жаза тағайындалды

2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 18 маусым күні Достық көшесінің бойындағы Kaspi bank филиалына кірген А.Мурадов тапаншаға ұқсас затпен қорқытып 7 адамды кепілге алған. Келіссөз жүргізгеннен кейін сағат 16:35-те арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасады. Жоспарланған операцияның нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлігі «Адамды кепілге алу» бойынша тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандықтар 300-ден астам қайырымдылық шара ұйымдастырды

admin_altyalash

Борышкерлерден банкроттық туралы өтінішті қабылдау қашан басталады?

admin_altyalash

Кез келген саладағы жетістік оқып білім алу мен қатар қажырлы еңбек арқылы келеді

admin_altyalash