Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Аргентинада киттерді тамашалауға мыңдаған адам жиналды

Аргентинада мұхит жағасына мыңдаған адам жиналды, деп хабарлайды 24.kz арнасы. 

Судың жылы бөлігіне өткеннен кейін тұқымын тарату үшін құрлыққа жақын келген киттерді көруге адамдар құмар. Бұл жануарлар суық судан жылы ағысқа ауысу үшін ондаған мың шақырымды артта қалдырған. Киттер зиянсыз, тіпті адамдар отырған қайықтармен қатарласып жүзеді.

Олардың ұзындығы 18 метр, ал салмағы 100 тонна.  Ресми есеп бойынша бүгінде мұхиттардың Аргентина, Австралия мен Оңтүстік Африка бөліктерінде олардың 10 мыңнан астамы тіршілік етеді.

Ұқсас жаңалықтар

«Отандық» автоөнеркәсіп: әлемдік рейтингте Қа­зақстан соңынан санағанда «төртінші орын» алды

admin_altyalash

Севастополь маңындағы өрттен жеті адам қайтыс болды

admin_altyalash

Париж Олимпиадасының алауы ресми түрде тұтанды

admin_altyalash