Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Футболшылардың Сауд Арабиясында ойнауына тыйым салу ұсынылды

Англияның «Манчестер юнайтед» клубының бұрынғы капитаны Гарри Невилл ағылшын футболшыларының Сауд Арабиясының клубтарымен келісімшарт жасасуына қарсылық білдірді.

Ол футболшылардың Сауд Арбиясында ойнауына тыйым салуды ұсынды.

Бұған дейін Криштиану Роналду, Карим Бензема, Н’Голо Канте мен Хаким Зиеш сияқты белгілі футболшылар Сауд Арабиясы клубтарымен келісімшарт жасасқан еді.  Ал алдағы уақытта олардың қатарын Рубен Невеш пен Калиду Кулибали сияқтылар ойыншылар толықтырғалы отыр.

Англия ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Гарри Невиллдің айтуынша, премьер-лига тез арада Сауд Арабиясына трансферлерге эмбарго қою керек. Әйтпесе, ойыншылардың ойыны өзгеріп, өздерін жетілдіре алмай қалады.

Дастан ЖҰМАБЕКҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Елена Рыбакина US Open турнирін жеңіспен бастады

admin_altyalash

Elorda Cup: әйелдер боксынан жеті спортшымыз финалға шықты (ВИДЕО)

admin_altyalash

Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтті: оған 46 елден 500-ге жуық спортшы қатысты

admin_altyalash