Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Ақтауда үш баласын өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты

Ақтауда 3 баласын асқан қатыгездікпен өлтірген әкеге қатысты сот үкімі шықты деп хабарлады ҚазАқпарат сайты.

Сотталушы балтамен және ас үй пышағымен қаруланып, үйге қасақана келіп, үш жас баласын ерекше қатыгездікпен өлтірген.

Оның кінәсі қылмыс жасауда жәбірленушінің, сотталушының өзінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен және істің басқа материалдарымен дәлелденді. Сотталушы кінәсін мойындаған.

«Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған кәмелетке толмаған балалармен қызметке байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», – делінген баспасөз мәліметінде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмалары шеңберінде Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

admin_altyalash

Алматыда тағы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді

admin_altyalash

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ҚОРҚЫТ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА САЗЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ- МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

admin_altyalash