Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Жеңілдетілген микронесие алуға 4,2 мыңнан аса өтінім түсті

Фото: ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-ға кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін жастарға берілетін жылдық 2,5%-бен жеңілдетілген микронесиелер алуға 4,2 мыңнан аса өтінім түскен. Барлығы 5 мың 796 микронесие беру жоспарланған.

Микронесиенің мөлшері 5 млн теңгеге дейін, ал қатысудың ең ұзақ мерзімі – 5 жылға дейін (кез келген мақсатқа) немесе 7 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін). Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды.

Микронесие алуға өтінімдердің ең көбі Түркістан (595), Жамбыл (512), Қызылорда (313), Жетісу (311), Батыс Қазақстан (278) және Алматы (253) облыстарынан түсті.

Конкурстық комиссиялардың шешімімен 2 мың 189 жоба мақұлданды, оның ішінде 1 мың 228 жобаны іске асыруға несие берілді. Несие алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп саласын қамтыды.

Д.АМАНТАЙ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге зор әлеуетке ие

admin_altyalash

Ресейден Қазақстанға сертификатсыз 170 тоннадан астам картоп әкелінуге тырысты

admin_altyalash

Оқу жылына дайындық пысықталды

admin_altyalash