Екібастұзда ер адам пәтерінен өлі табылды, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.
Қайғылы оқиға кеше, 10 шілдеде болған.
Кешкі сағат 20:04-те 112 пультіне пәтерден шіріген иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Бөлімше инспекторы да оқиға орнына келген. Құтқарушылар, учаскелік инспектор мен туыстарымен бірге екінші қабаттың балконына баспалдақ қою арқылы пәтерге кірген. Сыртқы есікті іштен ашуға тура келді, – деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар мен туыстары пәтерден ер адамның мәйітін көрген.
Бұл оқиғаға қатысты полиция түсінік бермеді.