Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Норвегияда 100 жылға жететін минералды кен орны табылды

Фото: techinsider.ru

Норвегияның оңтүстік-батысында сирек кездесетін пайдалы қазбалардың кен орны табылды. Ол планетадағы ең үлкен минералды кен орны болып отыр.

Бұл кен орындары тыңайтқыштарға, күн батареяларына және электр көліктерінің аккумуляторларына әлемдік сұранысты 100 жылға дейін қанағаттандыра алады.

2018 жылдан бері осы жерді өндірумен айналысатын Norge Mining компаниясы 70 млн тонна пайдалы қазбаның табылғанын хабарлады.

Олардың ішінде көптеген «жасыл» технологияларды дамытудың негізгі элементі болып саналатын фосфат, әсіресе фосфатты тыңайтқыштарды өндіру үшін кеңінен қолданылады.

Дастан ЖҰМАБЕКҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар

Әзербайжан Арменияның өтінішін қабылдамады, енді АҚШ-та кездеседі

admin_altyalash

Дональд Трамп Путинмен кездесуге дайындалып жатқанын айтты

admin_altyalash

Қош бол, BRENT?

admin_altyalash